Жарияланды: 4700

Тележүргізуші: Зейнетақы қоры қызметкері жерлеу үшін берілетін ақша сомасын білуге марқұмның өзі келу керек деді

Тележүргізуші: Зейнетақы қоры қызметкері жерлеу үшін берілетін ақша сомасын білуге марқұмның өзі келу керек деді

Тележүргізуші Сәуле Әбединова зейнетақы қорында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты. Журналист зейнетақы қорынан қаза болған ұлының жерлеуіне берілетін соманың қанша екенін білмек болған.

Сәуле Әбединова БЖЗҚ-на арнайы барып, қайтыс болған ұлының жерлеуіне берілетін сома жайлы сұрады. Алайда қызметкер сома жайлы ақпарат беруден бас тартқан. Ол үшін марқұмның анасы екенін нотариус арқылы растайтын қағаз керек екенін алға тартқан, деп жазды stan.kz.

«Менің қолымда ұлымның өлімі туралы, өзімнің туу туралы куәлігім тұр. Оның анасы екенім белгілі болса, не  үшін нотариус арқылы растап, уақыт жоғалтуым керек? Әр жерге барып анасы екенімді растап жүргенде ақша жұмсалады. Ал, ұлымның жерлеуіне қордан берілетін сома оның өтеуіне тати ма? Маған соны ғана білу керек болып тұр», – дейді Әбединова.

Ал, БЖЗҚ әкімшісі келіп, олардың заң бойынша сома жайлы айта алмайтынын жеткізді.

Тележүргізуші мұның қисынсыз екенін, азаматтардың нотариусқа сабылмай-ақ қолындағы құжатымен жақыны екенін дәлелдеуге болатынын айтты.

«Қызметкер ол соманы білуге қайтыс болған адамның өзі келу керек деді. Қайтыс болған адам қалай келеді?», – дейді  тележүргізуші.

Бұған дейін тележүргізушінің жалғыз ұлынан айырылғанын жазған едік. Ал, жақында қайтыс болған адамның жерлеуіне марқұмның зейнетақы қорынан ақша берілетіні айтылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін