Темекі - зиян, ментол дәмі бар темекі одан да қауіпті - Ғылыми зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темекі - зиян, ментол дәмі бар темекі одан да қауіпті - Ғылыми зерттеу

Темекі - зиян, ментол дәмі бар темекі одан да қауіпті - Ғылыми зерттеу

 Кейбір адамдар ментол дәмі шығатын темекі шегуді ұнатады. Бірақ ол шылымның зияны көп екенін, өкпеге өте ауыр зақым келтіретінін біле бермейді, деп жазады The Daily Mail. 

  • 7 Қараша 2014
  • 923
Фото - Caravan.kz

Статистика бойынша, ментол дәмі бар темекіні шегетін адамдар басқаларға қарағанда екі есе артық «уланады». Осыны анықтау мақсатында ғалымдар ментол темекілерін шегетін 3758 адам мен ешбір «дәмсіз» темекі шегетін 1941 адамның денсаулығын салыстырды. Қатысушылардың барлығы жылына кем дегенде он қорап темекі тартатындардан болған.

Нәтижесінде, ментол темекілерін шегетіндерде өкпе дертінің өткір белгілеріне шалдығу қаупі 29 пайызға артатыны белгілі болды.


Ментол дәмі шығатын темекіні тартатын шылымқорлар арасында жастар, әйелдер және қара нәсілді адамдар көп болып шықты.