Теміртау мектептерінде сыныптардың жабылып жатқаны рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртау мектептерінде сыныптардың жабылып жатқаны рас па

Теміртау мектептерінде сыныптардың жабылып жатқаны рас па

Қарағанды облысының Теміртау қаласында орта білім беру мектептерінде сыныптардың жабылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық Білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Facebook парақшаларында Теміртау қаласының мектептерінде 20 жиынтық-сыныптың жабылатыны туралы ақпарат тараған болатын.

«2018 жылдың 1 қыркүйегінде Теміртау қаласының 29 мектебі орташа толығуы 25,3 адамды құрайтын 903 жиынтық-сыныптармен толықтырылды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 700 адамға толықты, жиынтық-сыныптардың саны — 24 бірлік. 5 мектепте толықтыру төмен болғандықтан және бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланбауы салдарынан аз қамтылған сыныптарды біріктіру арқылы 6 жиынтық-сынып оңтайландырылды. Барлық оқушылар сол мектептерде қалып, біріктірілген сыныптарда оқып жатыр. Ол сыныптарда оқушылар барынша толыққан», — делінген Білім басқармасының хабарламасында. 

Сонымен қатар атап өтілгендей, барлық мектептер қажетті педагогикалық кадрлармен қамтылған. Жаңа оқу жылында 17 мектепте дефектологтар мен логопедтердің штаттары, 5 мектепте ұзартылған оқу сыныптары ашылған.


«Қаланың білім саласының бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге өсті (2017 жыл — 6,3 млрд теңге, 2018 жыл — 7,1 млрд теңге). Білім беру-тәрбие процесі штаттық режимде жүргізілуде», — деді басқармадан.

 

Соңғы жаңалықтар