Теміртау қаласында көпқабатты тұрғын үй жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртау қаласында көпқабатты тұрғын үй жанып кетті

Теміртау қаласында көпқабатты тұрғын үй жанып кетті

Теміртау қаласында көпқабатты тұрғын үй түгелімен дерлік жанып кетті, адам шығыны жоқ.

  • 31 Мамыр 2011
  • 403
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, ірі өрт Панфилов көшесіндегі үш қабатты, кіреберіс үш есігі бар тұрғын үйде 29 мамыр күні түскі сағат бір жарым шамасында басталды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 29 адамы мен 10 техникасының күшімен бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Жалын тұрғын үйдің 640 шаршы метр аумағын шарпып, салдарынан үйдің шатыры жартылай қирады.

Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар