Теміртау тұрғыны жаңа туған нәрестесінің есімін Елка деп қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртау тұрғыны жаңа туған нәрестесінің есімін Елка деп қойған

Теміртау тұрғыны жаңа туған нәрестесінің есімін Елка деп қойған

Теміртау қаласының тұрғыны өзінің жаңа туған баласына Елка есімін берген.

  • 10 Қаңтар 2013
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Ұлымыз 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні дүниеге келді. Біз жұбайымыз екеуміз жаңа жыл мерекесінің бас символының құрметіне Елка деген есім бердік», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне оның анасы Алмагүл Райхан мәлімдеді.

Анасы бұл есім ұлына бақыт әкеледі, жолы жеңіл болады деген пікірде.
Райханның отбасында бұл дүниеге келген екінші бала. Есімі қазақша үлкен қызы бір жаста екен.
Теміртауда 31 желтоқсан мен 3 қаңтар мереке күндері 26 отбасы балалы болған. Ал, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні алты қыз бала және жеті ұл бала дүниеге келген.