Теміртауда белгісіз заттан улану салдарынан мал қырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда белгісіз заттан улану салдарынан мал қырыла бастады

Теміртауда белгісіз заттан улану салдарынан мал қырыла бастады

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда белгісіз заттан улану салдарынан мал қырыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Теміртау қаласы Ақтау кентінде 10 тамызда сағат 20.00-де жеке қораларда мал қырыла бастаған (7 ірі қара, 41 ұсақ мал, соның ішінде 8 қой мен 33 ешкі).

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 10 тамызда мал «Интеррин» ЖШС-нің (жарылғыш заттарды сынау полигоны, ол Ақтау кентінен 3,5 шақырым жерде) ашық су қоймасынан су ішкен.

Осы аумақтан су мен шөптің сынамасы талдау үшін алынды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, малдың қырылуына белгісіз заттан улану себеп деп танылды. Қалған мал оқшауланып, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы мал дәрігерлерінің бақылауына алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар