Бұл туралы Теміртау прокуроры Думан Қаржаспаев хабарлады.
«Редакцияның әдейі өртелгенін растайтын барлық белгілер бар. Оқиға орнынан тәркіленген бөтелке сынықтарының ішіндегі зат сараптамаға жіберілді. ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлімі («Әдейі өртеу жолымен өзгенің мүлкін қасақана құрту немесе бүлдіру») бойынша қылмыс белгілерінің бар екенін назарға алған Теміртау ішкі істер органдары прокуратураның нұсқауы бойынша қылмыстық іс қозғады», — деді Д.Қаржаспаев.
Оның айтуынша, қала прокуратурасы істі тергеу барысын өз бақылауына алды.
Бұрын облыстық ТЖД хабарланғандай, 7 қараша күні таңертең Теміртаудағы Байсейітова көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы «Зеркало» газетінің редакциясында өрт болды. Жалын тілі 6 шаршы метр аумаққа тарады. Кеңселік жиһаз бен ұйымдастыру техникасы өртенді.