Теміртауда кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

Теміртауда кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

Теміртауда кассаға қарақшылық шабуыл жасаған ер адамның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ІІД-нің

  • 28 Тамыз 2017
  • 230
Фото - Caravan.kz

Теміртауда кассаға қарақшылық шабуыл жасаған ер адамның видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бұл туралы мәліметті кейінірек жариялауға уәде берді. Facebook желісіне тонау оқиғасының видеосын Бекжан Киманов жария етті. Оның айтуынша, видео оған WhatsApp мессменджері арқылы келген. Кадрларда пошта бөлімшесіне немесе ақша айырбас пунктіне ұқсас мекеменің кассасына ер адамның шабуыл жасағаны көрінеді. Кимановтың айтуынша, оқиға Теміртауда болған. Ер адам кассаға кіріп, есікті ашпақшы болады. Кассашы қызбен сәл тілдескңеннен кейін ол терезені шағып, кассаға кіріп кетеді. Сосын ер адам бір бума ақшаны алып, шығуға асығады. Қыз оны тоқтатпақшы болады. Алайда ер адам жеңінен үлкен пышақ алып шығып, қорқыта бастайды. Полицияның мәліметінше, ер адам ұсталды.


 

Соңғы жаңалықтар