Теміртауда нәрестесін тастап кеткен ананы іздеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда нәрестесін тастап кеткен ананы іздеуде

Теміртауда нәрестесін тастап кеткен ананы іздеуде

Қарағанды облысы Теміртауда полицейлер тұрғын үйдің кіреберісінен табылған нәрестенің анасын іздеуде. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Бұл материал ҚР ҚК 119 бабы 1-бөлігі бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері анасының қайда екенін анықтау шараларын қабылдауда», — деді облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Оқиға 12 қыркүйекте орын алды. Қоқыс лақтыруға шыққан Теміртау тұрғыны пәтер қатарындағы сатыдан жаймаға оралған нәрестені көреді. Әйел полицей мен жедел жәрдем шақырады.

Нәресте ұлты еуропалық екі айлық қыз бала. Жедел жәрдем оны балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың дені сау, өзін жақсы сезінеді.

Егер анасы табылмаса, баланы бөбектер үйіне өткізеді.


Анасы табылған жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде жаза не сол көлемде түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады не 45 тәулікке тұтқындалады.

Соңғы жаңалықтар