Теміртауда жастардың альтернативті мәдениетінің фестивалі өтті
Теміртау қаласында жастардың альтернативті мәдениетін ұстанушылар «Планета DMS» фестивалін өткізді. |
Бұл туралы «Теміртау жастар клубы» қоғамдық бірлестігінен хабарлады.
«Жастардың субмәдениеті азаматтық патриотизмді қолдайды!» деген ұранмен өткен фестивальдің мақсаты - жастардың арасында отансүйгіштік, адам құқығы, белсенді азаматтық ұстаным сияқты әлеуметтік құндылықтары кеңінен таныстыру», - дейді ұйымдастырушылар.
Олардың пікірінше, патриоттарды тәрбиелеуде мәдени құндылықтардың маңызы зор. «Хип-хоп мәдениетіне әуес жастардың басын қосып, біз олардың шығармашылық әлеуеттеріне жағдай жасауға, шеберліктерін жетілдіруге көмектесуге тырысып отырмыз», - дейді Теміртау жастар клубының жетекшісі Алексей Ломакин.
Фестиваль аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сабақтары өткізілді.
Шараны ұйымдастыруға облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» Заңды тұлғалар ұйымы, Теміртау жастар клубы атсалысты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін