Теміртауда жеңіл көлік БТР-мен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда жеңіл көлік БТР-мен соқтығысты

Теміртауда жеңіл көлік БТР-мен соқтығысты

Теміртауда жеңіл көлік әскери техникалар колоннасымен соқтығысты. Алдынан кесе көлденең шыға келген «Лада Приораны» бронетранспортер белден бір-ақ басып өткен.

  • 14 Мамыр 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

БТР-дың жеңіл көлікті жол қиылысынан біршама жерге дейін сүйреп әкеткені байқалады. Онымен қоймай, бел ортасынан басып мыжып тастаған. Жеңіл көлік иесі жараланып, ауруханаға жөнелтілген. Куәгерлердің айтуынша, әскери техника бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіпті. Енді тергеушілер әскери техника коллонасына жол бастап бара жатқан арнайы көліктің дабыл белгісін қосқан-қоспағанын анықтайтын болады.