Жарияланды: 470

Теміртаудағы тергеу абақтысында жазасын өтеуші бес қылмыскер өз-өзіне қол жұмсады

Теміртаудағы тергеу абақтысында жазасын өтеуші бес қылмыскер өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Теміртау қалалық ІІБ-нан хабарлады.

ІІБ-ның ақпаратына сәйкес, 13-сәуір күні түнде қамаудағы бес қылмыскер іші мен мойындарынан жараланып, қалалық ауруханаға жеткізілген. Соңынан белгілі болғанындай, таяуда ғана оларды айыптаған үкім шығарылыпты. Бір бөлмеде қамауда отырған бес бірдей қылмыскер сот шешіміне наразылық ретінде өз-өздеріне қол жұмсаған көрінеді. Олар алюминий қасықтардан қолдан ұшталған егеулерді пайдаланса керек. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қамаудағылардың арасында ауыр жараланғандар жоқ, дәрігерлердің тиісті көмегіне кейін таң ата бере олар қайтадан тергеу абақтысына жеткізілген. Тәртіп сақшыларының ақпаратына жүгінсек, бес адам да бұған дейін қарулы қарақшылық және тонаушылық әрекеттері үшін бірнеше мәрте сотталған қауіпті қылмыскерлер. Қамаудағылардың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қызмет бабындағы тексеру басталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін