Жарияланды: 30

Теңге бағамының өзгеруі дизель отыны бағасына қалай ықпал етеді?

Теңге бағамының өзгеруі дизель отыны бағасына қалай ықпал етеді?

Қазіргі таңда Қазақстан өзін дизель отынымен 90%-ға қамтамасыз етіп отыр.

Теңге бағамының долларға қатысты кезекті "рекордтық" төмендеуі жанар-жағармай материалдарына қалай әсер ететіні туралы сұраққа KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов жауап берді.  

"Теңге бағамы дизель отынының ішкі өндірісіне қатты әсер етпеуі тиіс. Алайда егер импорт өнімі жайлы айтсақ, онда, әрине, ықпалы болады. Қазіргі Қазақстан өзін дизель отынымен 90%-ға қамтамасыз етіп отыр, импорттың үлесі бар-жоғы  10%", — деді Қабжанов "Атамекен" ҰКП брифингінде.

Қазақстанда доллар қанша тұрады?   

Айта кетейік, Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларға шаққанда 4,94 теңгеге арзандап, орташа сараланған бағам бір долларға 353,53 теңге болды. 

9 тамыздағы қорытынды сессия түстен кейін жарияланатын күндізгі сессия аяқталғаннан кейін белгілі болады.   

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть