Жарияланды: 40

Теңге тағы да әлсірей бастады

Теңге тағы да әлсірей бастады

Ақша айырбастау пунктілері америкалық валютаны 357 теңгеден сатып жатыр. Ресми бағам бойынша, бір доллардың құны - 352,54 теңге.

Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойыша, доллардың орташа бағамы 352,90 теңгені құрады. 21 қыркүйектегі таңертеңгілік сессиямен салыстыратын болсақ, ұлттық валюта 0,81 теңгеге арзандады.

Доллардың ең төменгі бағамы 352,30 теңге, ал ең жоғары бағамы 355,50 теңге болды. Жабылу бағамы бір доллар үшін 355 теңгені құрады. Астана қаласының ақша айырбастау пунктілері америкалық валютаны 357,5 теңгеден, ал Алматыдағы пунктілер 357 теңгеден сатып жатыр. Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, бір доллар 352,54 теңгені құрап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 11-21 қыркүйек аралығында америкалық валюта 30 теңгеге арзандады. Сарапшы мамандардың айтуынша, алдағы екі-үш айда доллар бағасы 400 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін