Жарияланды: 20

Теңге тағы да нығайды

Теңге тағы да нығайды Сурет - elarna.net

 

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 373,01 теңгеге тең болды. Еске салайық, 12 ақпанда доллар бағамы 374,61 теңге болған. Таңғы сауданың бірінші келісімі 374 теңгемен өтті және осы максимал құны болды, ал минимал құны - 372,7 теңге. Сауданың жалпы көлемі 58,6 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 373-375,5 аралығында. Астана уақытымен 11.05-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,05 доллар болды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін