Теңгеге бар сырын ақтарып жазған қыз желі қолданушыларын қайран қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңгеге бар сырын ақтарып жазған қыз желі қолданушыларын қайран қалдырды

Теңгеге бар сырын ақтарып жазған қыз желі қолданушыларын қайран қалдырды

Махаббаты туралы теңгеге жазған қыз әлеуметтік желі қолданушыларын қайран қалдырды. Ол ақша қайтарымға берілген екен.

  • 17 Шiлде 2017
  • 6689
Фото - Caravan.kz


Белгілі журналист Жәзира Бегалы Фейсбукке кезекті бір қызықты жазбасын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz. Онда бір қыздың 200 теңгелікке өзінің махаббаты туралы жазып қойғаны жөнінде айтылады.

"Мен нағыз махаббатымды, ақылды, əдемі, бай, мейірімді, көңілді жігітті кездестірдім. Мені сүйетін жəне құрметтейтін ол маған қолы мен жүрегін ұсынды. 2017, маусым айы. Біз екеуміз бақыттымыз" деп бір бойжеткен бүкіл сырын 200 теңгеге жазыпты. Жаңа дүкен сатушысы қайтарған ақша. Жұмбақ қыз неге бұлай теңгені шимайлады екен? Əлде қуанышын бөлісетін адам таппай қалды ма? Жүректен шыққан сөзін жазған бойжеткеннің 200 теңгесі енді менің əмиянымда" деп жазыпты журналист.

Соңғы жаңалықтар