Жарияланды: 450

Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 145,3/$1 болды

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 145,3/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 13 тиынға өсті. KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 145,25 – 145,35 аралығында тұрақтады. Сауда-саттық көлемі $ 62,2 млн болып, 83 мәміле жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін