Теңіз кенішіндегі карантин 12 маусымға дейін созылады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңіз кенішіндегі карантин 12 маусымға дейін созылады

Теңіз кенішіндегі карантин 12 маусымға дейін созылады

Атырау облысының Теңіз кенішіндегі карантин мерзімі 12 маусымға дейін созылатын болды.

  • 29 Мамыр 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қаулыға сәйкес Теңіз кенішіндегі карантин 29 мамыр сағат 00:00-ден 12 маусым күнгі түнгі сағат 00:00-ге дейін созылады. Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу сақталады.

Кен орны аумағында адамдардың кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейінгі аралықта жүруі шектелген. Полиция қызметкерлері карантин шарасының сақталуын қадағалау үшін видеокамерамен қабатаралық, бөлмеаралық қозғалысты бақылайды.

Сондай-ақ, полицейлер «Оңтүстік Теңіз», «Жаңа Теңіз», «Ватернас», «Мажар қалашығы» секілді вахталық кенттерде карантиннің бұзылмауын қадағалауды жалғастырады.


Бұған дейін Теңіз кен орнындағы жұмыстың жалғасатын, сондай-ақ 27 мамырда 25 кеншінің қауіпті індеттен жазылғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар