Теңізде эпидемияға қарсы шаралар одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңізде эпидемияға қарсы шаралар одан әрі жалғасуда

Теңізде эпидемияға қарсы шаралар одан әрі жалғасуда

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Теңізде эпидемияға қарсы шаралар одан әрі жалғасуда. Тамақтан уланған 197 адамның 38-інен сальмонеллез, 6 адамнан стафилококк ауреус қоздырғышы табылды. Оларды сауықтыру шаралары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Мамыр 2008
  • 573
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 27 мамыр күнгі 18.00 сағаттағы жағдаймен Шаңырақ ауылындағы стационарда жатқан 179 науқастың 88-і емдеуден өтіп, ауруханадан шығар алдындағы бактериологиялық тексеруді күтуде.

Тексерулер барысында азық-түлік өнімдерінің 172 сынамасы зертханалық зерттеуге алынды. 60 сынаманы зерттеу аяқталып ( 23 сынаманың сәйкессіздігі анықталды), 112 сынама бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21 мамырда қазақстандық 40 жұмысшы («Теңізшевройлдың» (TШО) бірнеше мердігерлік компанияларының қызметкерлері) іш ауруы және құсу белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оларға «тамақтан улану» деген диагноз қойылды. Ауырғандардың саны 204 адамға жетіп, 155-і ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы орташа және жеңіл деп бағаланды.

Дерек бойынша облыс әкімінің бұйрығымен арнаулы комиссия құрылды, ол зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оқиғаның себептерін анықтайды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, улану оқиғасы ESS компаниясы қызмет көрсететін жұмысшылар асханасында болған. Ол жерде дайындалған тамақ термостармен 20 шықырым жердегі нысанға жұмысшылар тамақтанатын арнаулы бөлімшеге жеткізіліп келген. Сол күні 450 адам тамақтанған.

Вахталық Шаңырақ ауылында 200 адамға арналған эвакогоспиталь жабдықталған, қазір онда 100 астам адам жатыр. Госпитальда 10 дәрігер мен 10 медбике жұмыс істеуде. Атыраудан тағы бір дәрігерлер тобын жіберуге шешім қабылданды. Барлығы 450 адам тұрақты дәрігерлік бақылауда.

ТШО мердігерлік ұйымдарының қызметкерлерінің жаппай тамақтан улану себептерін анықтауға облыстық билік, дәрігерлер, санитарлық дәрігерлер, төтенше жағдайлар қызметі, прокуратура мен ІІД өкілдері қатысуда. Шұғыл тергеу тобы құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті