Жарияланды: 150

Теңізде мұнайшылар жатақханасы өртеніп кетті

Теңізде мұнайшылар жатақханасы өртеніп кетті

Әртүрлі жарақат алған екі зардап шегуші ауруханаға жатқызылды

Атырау облысында Теңіз вахталық қалашығында мұнайшылар жатақханасы өртеніп кетті, деп хабарлайды  Sputnik.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 14 қаңтарда 12.03 кезінде екі қабатты жатақхананың бірінші қабатында шыққан. Жатақхана "Интеграл Күлсары" компаниясына тиесілі.

Бастапқы мәлімет бойынша, өрттің себебі – электр сымындағы қысқаша тұйықталу. Өрт 12.50-де ауыздықталып, 16.50-де толығымен сөндірілді.

Атырау облысының ІІД баспасөз қызметі мәлімет бергендей, өрт салдарынан екі жұмысшы зардап шегіпті, олар ғимараттың екінші қабатынан секіріп, өрттен аман қалғысы келген. Екеуі әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін