Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің министрлері Алматыдағы халықаралық конференцияда бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің министрлері Алматыдағы халықаралық конференцияда бас қосады

Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің министрлері Алматыдағы халықаралық конференцияда бас қосады

БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған арнайы резолюцияға сәйкес 2003-жылдың 28-29 тамыз күндері Алматыда теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттер министрлерінің халықаралық конференциясы өтеді. Оған транзитті және донор елдердің, сондай-ақ, транзитті тасымал саласында маманданып келе жатқан экономикалық ұйымдар мен халықаралық және қаржылық мекемелердің өкілдері қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ таратқан хабарламада айтылған.

  • 1 Шiлде 2003
  • 844
Фото - Caravan.kz

Осындай бас қосу ұйымдастыру туралы шешім, құрамына Қазақстан бастаған 31 ел қамтылатын теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттердің бастамасымен қабылданған көрінеді. БҰҰ мемлекетаралық дайындық комитетінің Нью-Йоркте өткен 1-сессиясына ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов бастаған өкілдер қатысып қайтты.

Алматыда өтетін халықаралық конференция теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттерге қолұшын беру саласында ғаламдық әріптестікті жандандыруға, транзиттік-тасымал инфрақұрылымын дамыту арқылы теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне қатысу мүмкіндігі мен ролін арттыруға жол ашады деген үміт бар. Конференцияда континенттік мемлекеттердің барлық көлік түрлерімен теңізге ешбір кедергісіз шығуын қамтамасыз етуге , инфрақұрылымды дамытуға, тасымал жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, ресурстарды тиімді пайдалануға, транзитті тасымал саласындағы саясатты жетілдіруге қажетті шаралар келісілмекші.

Соңғы жаңалықтар