Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді

Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 17-орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

  • 9 Мамыр 2022
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ел құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 18-ден 17-орынға көтерілді.

Сондай-ақ, Юлия Путинцева 44-тен 40-сатыға жоғарылады. Зарина Дияс 116-дан 134-ке сырғыды.

Жұптық сында Анна Данилина 20-сыншы, Жібек Құламбаева 302-інші, Гөзал Айнитдинова 423-орында тұр.

Бүгін Ю.Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 85-ракеткасы, словениялық Кайя Йуванмен ойнайды.

Е.Рыбакина осы додада ертең дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған ресейлік Элина Аванесянмен шеберлік байқасады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 33-тен 41-ге төмендеді. Михаил Кукушкин 165-тен 163-ке көтерілді. Дмитрий Попко 182-інші, Тимофей Скатов 193-інші, Денис Евсеев 337-інші, Бейбіт Жукаев 490-сатыда келеді. Жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 60-орында қалса, Григорий Ломакин 249-сатыға жайғасты. А.Бублик Рим мастерс жарысында бүгін әлемнің 59-ракеткасы, америкалық Маркос Хиронмен шеберлік байқасады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Душанбедегі турнирдің абсолютті чемпионы атанғанын, Юлия Путинцеваның Римде негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.