Оның айтуынша, сейсенбі күні сағат 19.00-де 1000 тонна көлеміндегі тау жынысы опырылып қалған забойдағы газсыздандыру құбырларын орнату аяқталған. Ал сәрсенбі күні желдеткіш іске қосылған. Сағат 13.22-де апаттық аумақты газсыздандыру жұмыстары аяқталды.
«Енді бұл апаттық-құтқару жұмыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жақын уақытта конвейер іске қосылып, жиналып қалған үйіндіні сыртқа шығару жұмыстары басталады. Газсыздандырылғаннан кейін апаттық-құтқару жұмыстарының қарқынының өскені айқын», — деді Н. Қаппасов. «Апат салдарын анықтайтын 7 шағын комиссия құрылды», — деп толықтырды ол.
«Зардап шеккен кеншілердің отбасыларына бүгінгі күннің қажеттіліктері үшін деп 100 мың теңге көлемінде алғашқы материалдық көмек көрсетілді», — деді облыс әкімінің орынбасары Асқар Базарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті