Теріске шығару: Текелі қаласының әкімі пара алмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теріске шығару: Текелі қаласының әкімі пара алмаған

Теріске шығару: Текелі қаласының әкімі пара алмаған

Кеше яғни 9 шілде 2020 жылы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy порталы жариялаған "Пара алып жатқан жерінен Текелі әкімі өзенге секіріп кетті", - атты материалды көшіріп басқан болатын.

  • 10 Шiлде 2020
  • 79
Фото - Caravan.kz

Мақала Azattyq ruhy порталынан тақырыбымен бірге қаз қалпында алынды. 

Бұл қылмысқа Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің еш қатысы жоқ.

Бұл туралы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев Әлтайұлының өзі айтты.

"Мен Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев Әлтайұлы 1991 жылдан бері мемлекеттік қызметкермін. Мен ешқашан пара алған емеспін, алмаймын да. Менің қол астымда 50 адам бар, 50 адам үшін мен жауап бермеймін. Қызметкерлердің бірінің  пара алғаны рас, менің оған ешқандай қатысым жоқ", — деп жауап берді қала әкімі Бақтияр Өнербаев.

Caravan.kz медиа порталының редакциясы осыған байланысты Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев Әлтайұлынан кешірім сұрайды!

Соңғы жаңалықтар