Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы халықты хабардар етуді ұйымдастыру қағидалары бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы халықты хабардар етуді ұйымдастыру қағидалары бекітілді

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы халықты хабардар етуді ұйымдастыру қағидалары бекітілді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілді.

  • 14 Тамыз 2013
  • 714
Фото - Caravan.kz

* * * 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы

«Терроризмге қарсы іс-қимсыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес халықты терроризм актісінің қатерінің туындауы туралы уақытылы хабардар ету және оның жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 9 тамыз. №611

Жарлықтың толық мәтіні ресми БАҚ-тарда жарияланды.