Назаров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысына өңірдегі есірткіге қатысты ахуалды таныстырып, кейінгі кездері кейбір топтарда заңсыз есірткі айналымының лаңкестікке қатысы жоқ деген пікір қалыптасқанын атап өтті.
«Біздің пайымдауымызша, есірткі халықаралық лаңкестікті қоректендіретін негізгі қайнар көздердің бірі», — деді есірткіні қадағалау агенттігінің директоры.
Н. Бордюжа Тәжікстанның есірткіні қадағалау агенттігінің басшысының пікірімен қосылып, бұл мәселеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұстанымы ортақ екенін атап көрсетті.
Кездесу барысында өңірдегі есірткілік ахуал мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің арнаулы қызметтерінің заңсыз есірткі айналымымен, лаңкестікпен және экстремизммен күрес саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті