Жарияланды: 60

Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады

Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады

 

Бүгін Нұр-Сұлтанда ескі вокзал аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылғы 10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі 7) жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру.

"Оқу-жаттығуы әртүрлі күрделі элементтерді ескере отырып, барынша әскери жағдайға жақын өткізіледі. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты түрғындарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - деді штаб өкілдері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін