Тігін тігіп, ағылшын тілін оқиды – Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмедегі өмірін елші айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тігін тігіп, ағылшын тілін оқиды – Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмедегі өмірін елші айтып берді

Тігін тігіп, ағылшын тілін оқиды – Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмедегі өмірін елші айтып берді

 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігі бірнеше жыл бұрын Қытайда есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы жайлы айтып берді.

  • 16 Сәуiр 2019
  • 259
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп жазды Baq.kz

"Болат Қадырұлы (Болат Сырлыбаев — консул) екі айда бір рет Ақжарқын Тұрлыбайға барып тұрады. Ол барған сайын өз қалтасынан қажеттілігіне, кітаптар мен ұсақ-түйекке ақша беріп тұрады. Бізде бюджетте бұған қаржы қарастарылмаған. Бізде Сыртқы істер министрлігінің шешімімен оқыс оқиға болғанда, ешкім бұған қаржы бөле алмаған жағдайда ғана ақша төленеді, бірақ ол кейін қайтарылады. Ал бұндай нәрсеге қаражат қарастарылмаған. Сондықтан біз өзіміз ақша жинауға мəжбүрміз", — деді елші Қытайда баспасөз турымен жүрген қазақстандық журналистермен кездесуде.

Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулы Болат Сырлыбаев екі апта бұрын Ақжарқын Тұрлыбаймен кездескенін айтты.

"Қазір Ақжарқынның
денсаулығы жақсы. Ол ағылшын тілін оқып жүр, өткенде ағылшын тілі кітаптарын сұраған, соларды апарып бердім. Ата-анасының фотосуреттері мен хатын апардым. Ол қытай тілін оқып алды. Бұрын ол қытайша сөйлей ғана алатын, қазір жазуды да үйренді. Анасы 1,5 жыл бұрын Қытайға сотқа келген болатын", — деді Болат Сырлыбаев елшіліктегі кездесуде.

Ал елшінің айтуынша, қазір қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның Қазақстаннан шығуына ықпал еткен адамдардан қосымша жауап алынуда. Егер осы материалдар уақытында дайын болса, Қытайдың құқық қорғау органдары, Қытай соты бұл материалдарды зерттеп, содан кейін үкім шығаруы тиіс.

Консулдың мəліметінше, Ақжарқын Тұрлыбайдың көңіл-күйі жаман емес. Қазір ол 25 адамдық камерада жазасын өтеп жатыр. Күндіз жұмыс істейді, тігін тігеді, бос уақытында кітап оқиды.

Соңғы жаңалықтар