Қазақ тіліне қатысты тағы бір дау туындады. Мемлекеттік тілде сөйлегенімен сол тілде жауап ала алмаған әлде бір әйелдің видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бейнекөріністе өзін қазақ емеспін деген әлдебір еріктілер қозғалысының мүшесі қазақша сөйлеп тұрған әйелге орыс тілінде сөйлеуін талап етеді. Бұған қоса ол арнайы заңның барын алға тартып, "орысша сұрасам орысша жауап беруге міндеттісіз!" дегенді айтады.
Орысша сөйлеуге міндеттеп тұрған адамның бұл әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Өз тіліміздің орнына қашанғы өзге тілді төрге шығара береміз деген секілді пікірлер қалдырылған.
Оқиғаның не үшін және қай жерде, қашан болғаны белгісіз.