Тілімді қорлаған Мухоряпов бір жыл көше сыпырып, қоқыс тазаласын - Айгүл Орынбек - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 447.89
  • 476.78
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілімді қорлаған Мухоряпов бір жыл көше сыпырып, қоқыс тазаласын - Айгүл Орынбек

Тілімді қорлаған Мухоряпов бір жыл көше сыпырып, қоқыс тазаласын - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Мухоряповты кешірмейтінін айтты. 

  • 21 Қазан 2022
  • 149
Фото - Caravan.kz

Заңгер Мухоряповқа қатысты өз ойын айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

"Бізде заң “Ұлт”, “Тіл” үшін жұмыс істейтін уақыт келді! Кім арыз түсіреді деп күтіп отырудың бұл жерде қажеті жоқ! Бас Прокуратура заңды жұмыс істеткісі келсе, ешкімнен арыз күтіп отырмайды! Ұлт арасында алауыздық тудырған видео айғақ бар! Бүкіл ел шулап, заңмен жазалануды әлеуметтік желі арқылы талап етіп отырмыз!
“Мухоряпов кешірім сұрады екен”, деп жылы жауып қоя салуға болмайды!
Айтылған сөз, атылған оқпен тең!

Елдің алдында жүрген үлкен ақшалы кәсіпкерлер ойланып сөйлесін!
Қазақтың ақшасы тәтті, тілі әщщі ма сонда?!

Әшейінде белсенділер бір пост жазса, ешкім арыз түсірмей -ақ , “ұлтараздық қоздырдың” деп қылмыстық іс ашып қамап жатады.

Мухоряповқа келгенде прокуратура неге арыз күтіп отыр?!

Мен Мухоряповты кешірмеймін!

Тілімді қорлағаны үшін, қылмыстық ісі сотқа өтсін!


Тілімді қорлаған Мухоряпов бір жыл көше сыпырып, қоқыс тазаласын!

Оны түрмеге отырғызу мақсат емес!

Тілімді қорлағысы келетін басқаларға үлкен сабақ болсын!

Қазақ Ұлтын, Тілін қорлайтын надандардың орны қоқыста!", деп жазды заңгер. 

"Марғұлан мен Данаттардан әулие емес, отырсын 5 жыл…", деген оқырманына заңгер былай жеп жауап жазды:

"Оны түрмеге отырғызып, өз ақшамызға тағы бес жыл баққанымыз қалып еді? Тілімді қорлағаны үшін, қоқыс теріп, көше сыпырғанын көргім келеді!".

"Айгүл айналайын қолдаймын сені", "Өте дұрыс, халық болып талап етеміз!", "Сонда орысша білмеген адам сауатсыз, мәдениетсіз болғаны ма?", деп жазды оқырмандар.  

Соңғы жаңалықтар