Тілшіні соққыға жыққан жігіт әу баста қастандық ойлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілшіні соққыға жыққан жігіт әу баста қастандық ойлаған

Тілшіні соққыға жыққан жігіт әу баста қастандық ойлаған

Тонау емес, қастандық жасалған. Бүгін Алматыда блогер Ботагөз Жұманова соққыға жығылған кезден бері бірінші рет көпшілік алдына шығып, осындай мәлімдеме жасады. Ол күдікті ретінде ұсталған жігіттің сөзіне сенбеймін деп отыр.

  • 5 Қараша 2015
  • 208
Фото - Caravan.kz

Ботагөз Жұманова:

Бұл шабуылдың менің жұмысыма қатысы бар. Себебі бірнеше коммерциялық жобамен айналысып жүрмін. Өмірлік ұстанымым бойынша тек шындықты жазып, оны көпшілік назарына шығарып келемін. Одан өзге себептер көріп тұрған жоқпын. 

Полицейлер бақылау камерасына түсіп қалған жазбаны зерттеп, 21 жастағы жігітті ұстаған еді. Тергеу барысында ол ауылға қайтуға ақша таппай, тонадым деген. Алайда ауруханадан шыққан соң бұзақымен көзбе-көз сөйлескен блогер жігітке бірнеше сұрақ қойып, мардымды жауап ала алмапты. Сондықтан бұл тонау емес, әлдекімдердің қорқыту мақсатында жасаған қастандығы дейді. Естеріңізге салсақ, Ботагөз Жұманованы 8-ші қазан күні кешкісін соқталдай жігіт тура үйінің кіреберісінде тепкілеген болатын. Бұзақы алаңсыз тұрған журналисті жұдырықпен басынан ұрып сұлатқан. Ауыр соққыдан журналистің миы шайқалып, мұрыны сыныпты.