Тимур Балымбетов Әсел Асқар туралы: "Басы даудан арылмайды,бұл әрекетінің себебі түсініксіз" - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тимур Балымбетов Әсел Асқар туралы: "Басы даудан арылмайды,бұл әрекетінің себебі түсініксіз"

Тимур Балымбетов Әсел Асқар туралы: "Басы даудан арылмайды,бұл әрекетінің себебі түсініксіз"

Белгілі тележүргізуші Тимур Балымбетов Динара Сәтжанға берген сұхбатында кімдермен сұхбаттасқысы келмейтінін айтты. 

  • 9 Қазан 2023
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тимур Балымбетов Төреғали Төреәлімен және Әсел Асқармен сұхбат жазғысы келмейтінін айтып қалды.

“Мен Төреғали Төреәліні сұхбатқа шақырмас едім. Мен хайп қуып жүретін адамдарды шақырғым келмейді. Бір рет шу шығарған немеме үнемі басы даудан арылмайтын адамдарды мен кадрда көргім келмейді. Себебі сұхбат — әдетте адамды танып-білудің, оны басқа қырынан көрудің жалғыз құралы. Сондықтан сенің сұхбатқа шақырған адамыңнан ел өзіне бір керегін алатындай, жоқ дегенде ой-танымы сәл болса да өсетіндей болуы керек. Оның үстіне менің арнама, менің сұхбатыма көрермендер сұхбат берушінің танымалдығы, хайпы үшін келгенін қаламаймын. Бұл менің сұхбатым, келетін қонақ маған да қызық болуы керек, мен ол сұхбатқа дайындалғым келуі керек, мен онымен сөйлескім келуі керек. Әңгімелесетін адамды іздегенде ең алдымен "Ол көрерменге не береді? Пайдалы бірдеңе айта ала ма?" деп ойланып, сараптап барып шақырамын”, – дейді Тимур.

Сондай-ақ, ол Динара Сәтжаннан Әсел Асқардан не себепті сұхбат алғанын сұраған. 

“Менің сұхбаттарымды атышулы қонақ үшін көргенін қаламаймын. Мысалы Әсел Асқардың басы даудан арылмайды. Бірақ бұл әрекетінің себебі түсініксіз”, – дейді тележүргізуші.

Соңғы жаңалықтар