Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды

Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды

Берлинде өткен кинофестивальде отандық режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Профиль» атты фильмі көрермендер көзайымы номинациясында сыйлыққа ие болды. Қазақстандық режиссердің “Профиль” фильміне британдық журналистің бастан кешкен оқиғалары арқау болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі berlinale.de сайтына сілтеме жасап.

  • 25 Ақпан 2018
  • 338
Фото - Caravan.kz


Фильмде журналистер лаңкес топтардың жас қыздарды Таяу Шығысқа келуге көндіру үшін қандай әрекетке баратынын, оларды қалай арбайтынын әлеуметтік желілердің көмегімен зерттеуге тырысады. Дәл осы себепті фильм экран форматында түсірілген.

Берлиндегі кинофестивальге 19 фильм қатысып жатыр. Осы жылдың қаңтар айында Бекмамбетовтың Search деп аталатын тағы бір туындысы АҚШ-та жыл сайын өтетін Sundance тәуелсіз кино фестивалінде марапаттар мен кең ауқымды халықаралық кепілдендірілген кинотеатр прокатына ие болған. Бірінші көрсетілімнен кейін-ақ Sony Pictures Worldwide Acquisitions компаниясы бес миллион доллар төлеу арқылы фильмді прокатқа алу құқығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар