Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумын басқаруды жалғастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумын басқаруды жалғастырады

Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумын басқаруды жалғастырады

Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болып президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев екі жылға қайта сайланды.

  • 25 Маусым 2014
  • 574
Фото - Caravan.kz


Бұл шешімді бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бірінші съезіне қатысушылар бірауыздан мақұлдады.

«Бүгінгі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алға қойып отырған Қазақстан бизнесін шоғырландыру, Қазақстан бизнесінің мүддесін қорғау міндеті толық орындалуда. Тоғыз ай ішіндегі бірлескен жұмысымыз табысты болды деп есептейміз және мұны жалғастыра береміз», — деп Т.Құлыбаев съезде сөйлеген сөзінде атап көрсетті.