Тірі құмырсқамен жасалған маникюр жұртты ашуландырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тірі құмырсқамен жасалған маникюр жұртты ашуландырды

Тірі құмырсқамен жасалған маникюр жұртты ашуландырды

Маникюр шеберлері тырнақ астына жәндік жіберген

  • 3 Қыркүйек 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Ресейлік Nail Sunny студиясының шеберлері тырнаққа арналған ерекше дизайн ойлап тапты.

Маникюр шеберлері алдымен тырнақты ұзартқан, кейін ішкі жағына қосымша "қабырға" желімдеп, саңылау арқылы арасына құмырсқаларды жіберген. Содан кейін әлгі саңылауды жауып тастаған, деп жазады Life.ru.

Желіде жарияланған видеоны көргендер жағасын ұстады. Қолданушылар дизайнерлерді жәндіктерді азаптады деп айыптаған.


Кейінірек салон қызметкерлері тағы бір видео жариялап, онда құмырсқаларды қалай бостандыққа жіберіп жатқанын көрсетті.