Тіс қаққан ұрылар енді мешітке ауыз сала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тіс қаққан ұрылар енді мешітке ауыз сала бастады

Тіс қаққан ұрылар енді мешітке ауыз сала бастады

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Соңғы жылдары мұндай оқиғалар жиілеп кеткен соң, имамдар мешіттерде бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алған. Нәтижесінде, камераның көм?

  • 20 Қаңтар 2017
  • 788
Фото - Caravan.kz

Соңғы жылдары мұндай оқиғалар жиілеп кеткен соң, имамдар мешіттерде бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алған. Нәтижесінде, камераның көмегімен ондаған ұры-қары бұлтартпас дәлелмен ұсталыпты.

Көкшетаудың тұрғыны Есен Есіркеп түс кезінде мешіттегі терезенің жақтауына сөмкесін қалдырып, өзі дәрет алуға кетеді. Бірақ намаздан шыққан азамат сөмкесін тексеріп көру ойына да келмегенін айтады. Әмиянымдағы ақшаның ұрланғанын тек базарға барғанда бірақ білдім дейді.

“Бесін намазынан кейін, базарға бардым. Керекті затымды алайын деп, әмиянымды ашып қарасам, 10 мың теңгем жоқ. Ұстаздар, сол жердегі имамдар абай болыңдар, сақ болыңдар деп айтатын. Осы оқиғадан кейін, көзім анық жетті. Мешітке сөйтсем, біреу жақсы ниетпен, біреу жаман ниетпен келеді екен”, – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Есен Есіркеп.

Абай болыңдар деп ескерткен мешіт қызметкерлері, сақтық үшін бейнебақылау камерасын да орнатқан. Сондай камералардың біріне Есеннің ақшасын ұрлаған ұрының іс-әрекеті жызылып қалыпты. Жазбада ер адамның сөмкеден ақша алып жатқандығы байқалады. Одан соң күдік келтірмес үшін құлшылық қылып жүргендей сыңай танытады.


Бейнежазбаның көмегімен ұрының кім екені анықталып, оны полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр. Ал мешіт қызметкерлері, мұндай адамдар шынайы мұсылмандардан емес дейді. Олардың мешітке арам ниетпен келген әрі ұрлықты кәсіпке айналдырған нағыз баукеспелер екенін айтады.

“Қылмыс жасайтын болса, олар әрине намазхандардан емес. Шариғатта ұрлық мәселесі үлкен күнә болып есептеледі. Өйткені Аллаға құлшылық еткен адам ол өлгенше ондай әрекетке бармайды. Әрине, біз айта аламыз, бұлар кім дегенде, бұлар сырттан келетін адамдар”, – деді Көкшетау қаласындағы Науан Хазрет атындағы мешіттің іс басқарушысы Ерболат Шәріпов.

Соңғы кездері мұндай оқиғалар жиілеп кеткендіктен, мешіт қызметкерлері арам ниетті ұрылардан сақ болуға шақырады. Әсіресе, адам көп жиналатын жұма намаздарында мейлінше абай болуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар