«ТМД арулары» Астанада бақ сынасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ТМД арулары» Астанада бақ сынасады

«ТМД арулары» Астанада бақ сынасады

27 шілде сағат 19:00-де «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залының сахнасында байқаудың ақтық мәресі өтеді.

  • 23 Шiлде 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының аруы атағы үшін бәсекелесуге 10 елден 18 жастан 27 жас аралығындағы 19 қатысушы жиналды, деп жазады 24.kz арнасы.

Аталған іс-шара байқау өткізіліп келе жатқан уақыт ішінде (22 жылда) алғаш рет Астанада ұйымдастырылуда және ол елорданың 20 жылдығына орайластырылған. Байқаудың мақсаты – қатысушы елдер арасында туризм мен мәдениетті дамыту. Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті. Қатысушылар ақтық сайысқа бірнеше күн қалған кезде Астанада жиналып отыр. Осы уақыт аралығында олар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, сондай-ақ Астананың көрікті жерлерін аралап, мерейтойлық мерекелер мен қайырымдылық шараларға қатысады.

Нақтырақ айтқанда, байқауға қатысушылар «Нұрлы жүрек» психоневролоиялық диспансерде, Бурабай курорттық аймағында болып үлгерді. Алдағы күндері «Астана-Арена» стадионындағы жолдастық матчқа, Армения елшілігнде ұйымдастырылдатын қабылдау кешке қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы «ТМД аруы» байқауы Армения астанасы Ереванда өтті. Ал 27 шілде сағат 19:00-де «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залының сахнасында байқаудың ақтық мәресі өтеді. Байқауға қатысушылар өз ұлттық киімдерін, сондай-ақ кешкі көйлектерін бар сән-салтанатымен киіп шығады. Эксклюзивті шоу бағдарламаға сонымен қатар әлемдік сахна жұлдызы, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер қатысады. Байқауға қатысушылар үшін өткізіліп отырған шара – әлемге әйгілі модельдік агенттіктермен, өндірістік орталықтар мен режиссерлермен ынтымақтастық орнату үшін үлкен мүмкіндік.


Айта кетсек, «ТМД аруы» байқауы 1996 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар