Мәселен, ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары — ТМД атқарушы хатшысы болып Беларусь өкілі Дмитрий Булахов тағайындалды. Атқару комитеті төрағасының орынбасары — ТМД атқарушы хатшысы болып Қазақстан атынан Асан Қожақов, Ресей атынан Анатолий Головатый, Украина атынан Владимир Федоров тағайындалды. Шешім бойынша олар бұл мінедетті үш жыл атқарады.
Сондай-ақ, ТМД елдері антитеррорлық орталығы төрағасының орынбасары лауазымына Валерий Верчагинді тағайындау туралы шешім қабылданды. Оның кандидатурасын ТМД елдері шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі ұсынып, ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі мақұлдады. В.Верчагинді осы лауазымға тағайындауды Қырғызстан президенті Асқар Ақаев та қолдады.