ТМД елдері аумағында жүк тасушы көлік құралдарын өлшеуге халықаралық сертификатты қолданысқа енгізу жөніндегі келісімге Шолпан-Атада қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері аумағында жүк тасушы көлік құралдарын өлшеуге халықаралық сертификатты қолданысқа енгізу жөніндегі келісімге Шолпан-Атада қол қойылды

ТМД елдері аумағында жүк тасушы көлік құралдарын өлшеуге халықаралық сертификатты қолданысқа енгізу жөніндегі келісімге Шолпан-Атада қол қойылды

Бүгін, 16-сәуірде ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің Шолпан-Атадағы отырысында Одақ елдері аумағында жүк тасушы көлік құралдарын өлшеуге халықаралық сертификатты қолданысқа енгізу жөніндегі келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл келісімнің жобасын ТМД елдері көлік үйлестіру кеңесі мен үкіметаралық жолшылар кеңесі ұсынған. ТМД экономикалық кеңесі құжатты 2003-жылдың 5-қыркүйегінде мақұлдады.

Келісім шекарадан өту процедурасын жеңілдету үшін берілетін көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану тәртібін реттейді. Құжат авторларының пікірінше, оны тәжірибе жүзінде қолдану халықаралық автокөлік тасымалымен жүк жеткізу мерзімін тездетіп , оларды шекара арқылы алып өтуді анағұрлым жеделдетеді.