Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы Сергей Лебедев бүгін Минскіде журналистерге мәлімдеді.
«10 қазан күні Минскіде ТМД елдері мемлекет басшылар кеңесінің отырысы жоспарланған. Отырысқа қатысу үшін Минскіге Достастық елдері басшыларының көбісі келеді деп ойлаймыз», — дейді С.Лебедев.
9 қазан күні Минскіде ТМД елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
Отырыстың күн тәртібіне бірқатар мәселелер енгізілген. Оның ішінде, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық, Еуропа кеңесі парламентаралық ассамблеямен ынтымақтастық мәселелері бар.