Жарияланды: 590

ТМД елдері шекара әскерлерінің қолбасшылары Достастық елдерінің Ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар құжаттарды бекітеді

Бүгін, 17-қыркүйекте Кишиневте ТМД елдерінің шекара әскерлері қолбасшылары Кеңесінің 48-отырысы басталды. Онда шекаралық ведомстволардың басшылары Достастық елдері шекарасында дағдарысты ахуал туындаған жағдайда өзара жәрдем көрсету жолдары талқыланады.

KZ-today тілшісіне Тәжікстан Республикасы үкіметінің жанындағы мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитетінен хабарлауынша, оған аталмыш комитет төрағасы, генерал-лейтенант Абдурахмон Азимов қатысуда. Бүгін ТМД елдерінің шекара әскерлері қолбасшылары Достастық елдері аумағына өтуші басқа елдер азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тізімге алудың біртұтас жүйесі туралы тәртіп жобасын бекітуді көздеп отыр. Сондай-ақ, отырыс күн тәртібінде Достастық елдерінің шекаралық ведомстволарының өзара ынтымақтастығына қатысты, Одақ елдерінің Ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер сарапқа салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін