Жарияланды: 400

ТМД елдері СІМ-нің кеңесі отырысына қатысушылар лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды

Бүгін, 26-наурызда Минскде басталатын ТМД елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысына қатысушылар лаңкестікпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, сайлауларға бақылаушылық жасау мәселелерін талқылайды,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі Украина СІМ-нің баспасөз қызметінің басшысы Маркиян Лубкивскийге сілтеме жасай отырып.

ТМД сыртқы істер министрлері сондай-ақ, бірлестіктің келісім-құқықтық базасына санақ жүргізу мәселесін де сарапқа салады. Украина жағының бастамасымен, отырыстың күн тәртібі жобасына ТМД мекемелерінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселесі мен 26-сәуір ТМД елдерінде радиациялық апаттар мен зілзала құрбандарын халықаралық еске алу күні деп жариялануына арналған Достастық елдерінің мемлекет басшылары мәлімдемесінің жобасын талқылау қамтылды. 1986-жылдың 26-сәуірінде Чернобыль АЭС-да болған атап салдарынан станция маңындағы 30 шақырымдық аумақ өмір сүруге қолайсыз аймаққа айналған болатын. Ал жоғары радиациялық деңгей Украина, Беларусь және Ресейде тіркелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін