ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесі 29 мамырда Бурабайда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесі 29 мамырда Бурабайда өтеді

ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесі 29 мамырда Бурабайда өтеді

Қаржылық-экономикалық саладағы түйткілдерді шешу бойынша бірлескен әрекет жоспары. ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесінде көтерілетін негізгі мәселе осы.

  • 20 Мамыр 2015
  • 415
Фото - Caravan.kz

Мамырдың 29-ы күні Бурабайда өтетін кездесуге кеңес мүшелерінің өкілдері толық қатысады деп күтілуде. Қазірдің өзінде 7 елдің үкімет басшылары басқосуға келетіндерін растады. Бұл туралы Минскідегі Атқарушы комитетінің төрағасы әрі ТМД-ның Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті. Қазіргі таңда ТМД елдерінің қаржылық-экономикалық құрылымдарының нақты әрекеттер жоспары дайын. Соның арқасында ТМД-ға мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығы нығая түспек. Сергей Лебедев, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы- атқарушы хатшысы: — Жоспар ТМД Экономикалық кеңесінде наурыз айында мақұлданған болатын. Енді үкімет басшылары оны тағы бір қарап шығып, біржола бекітеді деп үміттенеміз. Осы құжаттың көмегімен ТМД аймағындағы бірқатар мәселені жойып, олардан төнген қауіпті азайта аламыз деп ойлаймын. Сонымен қатар экономикалық өзара әрекет ауқымы кеңейе түсуіне септігін тигізбек, деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
 сайты.