ТМД елдерінде диабетпен ауыратындарға жедел медициналық көмек өзара шығынның өтемақысы талап етілместен көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінде диабетпен ауыратындарға жедел медициналық көмек өзара шығынның өтемақысы талап етілместен көрсетіледі

ТМД елдерінде диабетпен ауыратындарға жедел медициналық көмек өзара шығынның өтемақысы талап етілместен көрсетіледі

Минск. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінде қант диабетімен ауыратындарға жедел медициналық көмекті өзара шығынның өтемақысын талап етпестен көрсету жоспарланып отыр. Минск қаласындағы ТМД штаб-пәтерінде 15-16 сәуірде сарапшылар тобы пысықтаған Қант диабетімен ауру санының өсуімен күрес ісінде ынтымақтасу жөніндегі келісім жобасында осындай норма қарастырылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 392
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, құжат ауруды ерте анықтау және профилактика жасау шараларына бағытталған ұлттық заңнамаларды жетілдіруді, емдеудің жаңа әдістерін жасау және енгізу бойынша күш жігерді біріктіруді қарастырады.

«Отырыс барысында келісім жобасы негізінен мақұлданды және белгіленген тәртіппен ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесінің талқылауына енгізіледі», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын әрі қарай дамыту концепциясын жүзеге асыру бойынша негізгі шаралар жоспарына сәйкес құжат 2008 — 2009 жылдары қабылдануы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті