ТМД елдерінің Дінаралық кеңесі құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдерінің Дінаралық кеңесі құрылды

ТМД елдерінің Дінаралық кеңесі құрылды

3-наурыз, сәрсенбіде Мәскеуде екі күнге созылған дінаралық бітімгершілік форум ТМД елдерінің Дінаралық кеңесін құрумен аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Наурыз 2004
  • 557
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, форумға ТМД елдерінің дінбасылары, соның ішінде Тәжікстан Республикасы үлемдер кеңесінің төрағасы Аманулло Нигматзода қатысты. Кеңестің басты мақсаты — ТМД аясындағы дәстүрлі діни ұйымдардың күш-жігерін лаңкестікпен күрес, ұлт-ұлыстар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту, қоғамдық келісімге қол жеткізуге бағыттауды үйлестіру болмақ.

Тәжікстан үкіметінің жанындағы дін істері жөніндегі комитеттен хабарлағанындай, аталмыш кеңеске ТМД елдеріндегі жетекші төрт діни конфессия — христиан, ислам, иудаизм және буддизм өкілдерін қамтитын 40 дінбасы енді. Кеңестің төралқасына олардың 22-сі, соның 9 христиан, 8 мұсылман, 4 иудей, 1 буддистік дін өкілі қамтылды. Қазіргі жағдаймен, Мәскеу және бүкілРесей патриархы Алексий II мен Кавказ мұсылмандарының жетекшісі Аллашүкір Паша-Заде тұрақты тең төрағалыққа сайланды. Алдағы уақытта тағы екі тең төраға сайланады. Тәжікстан бас мүфтиі А.Негматзода басқа Орталық Азия республикаларының діни лидерлерімен, ТМД елдері православиелік духовенствосы, Ресей және басқа да елдердің бас раввиндерімен бірге Кеңес төралқасына қамтылды.
Төралқа отырыстары дінаралық форумдар аясында әрбір үш жыл сайын шақырылып отырады. Келесі алқалы жиын 2007-жылы Баку қаласында өтетін болды.

Соңғы жаңалықтар