ТМД мемлекет басшылары барлық маңызды мәселелерді жабық есік жағдайында талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД мемлекет басшылары барлық маңызды мәселелерді жабық есік жағдайында талқылады

ТМД мемлекет басшылары барлық маңызды мәселелерді жабық есік жағдайында талқылады

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ТМД мемлекет басшылары бүгін Бішкекте өткен кеңесте барлық маңызды мәселелерді жабық есік жағдайында талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қазан 2008
  • 626
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бішкекте «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтті. ТМД мемлекет басшылары Қырғызстан астанасына кеше кешке келген. Саммитке Өзбекстан мен Украина президенттерінен өзге барлық мемлекет басшылары қатысты. Олар Бішкекке өз ресми өкілдері жіберген. Әзербайжан өкілдерін премьер-министр, Украина делегациясын — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы басқарды.

Саммиттің күн тәртібіне 20 жуық мәселе енгізілді. ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде 19 құжат қабылданды, энергетика 2009 жылғы ынтымақтастықтың шешуші саласы ретінде айқындалды.

ТМД мемлекет басшыларының отырысында бүгін Грузин-абхаз шиеленісі аймағында бейбітшілік сақтаушы ұжымдық күштердің қызметін тоқтату мәселесі талқыланады деп күтілген болатын. Бұл мәселені мемлекет басшыларының қарауына Ресей жағы шығарды. Күн тәртібіндегі шешуші мәселе — ТМД елдерінің экономикалық даму стратегиясы болды. ТМД мемлекет басшылары ТМД елдерінің 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын мақұлдамады. Мемлекет басшылары құжатты толықтыру қажет деп санайды. «Құжат ағымдағы жылдың қарашасына дейін дайын болады деп күтілуде. Стратегия Кишиневте өтетін Достастық үкімет басшылары кеңесінің талқылауына шығарылады»,- деді ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар