ТМД саммиті Ашхабадта 5-желтоқсан күні өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД саммиті Ашхабадта 5-желтоқсан күні өтеді

ТМД саммиті Ашхабадта 5-желтоқсан күні өтеді

Басында қараша айында өткізілуі көзделген ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысы Ашхабадта 5-желтоқсан күні өтеді, деп хабарлады ТМД -ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев сейсенбіде Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен болған келіссөздердің нәтижелері бойынша.

  • 31 Қазан 2012
  • 327
Фото - Caravan.kz

«Түркменстан президенті ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысын Ашхабадта 5-желтоқсан күні өткізуді қолдады. Ал алдында, 4-желтоқсан күні дәстүрлі түрде ТМД сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтеді», деді С.Лебедев.

«Қазір біз Түркменстанның бүклі құрылымдарымен бірге осы екі форумға дайындаламыз. Олардың жемісті өтетіндігіне сенімдімін», деді ол.