ТМД үкімет басшылары кеңесінің Ялтада өтетін отырысында 35 мәселе қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД үкімет басшылары кеңесінің Ялтада өтетін отырысында 35 мәселе қаралады

ТМД үкімет басшылары кеңесінің Ялтада өтетін отырысында 35 мәселе қаралады

ТМД үкімет басшылары кеңесінің Ялтада өтетін отырысында 35 мәселе қаралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Достастық атқару комитетінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 15 Қыркүйек 2003
  • 658
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, күн тәртібіне ТМД-ға қатысушы елдердің экономика саласындағы ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ұсыныстарды қарау, осы елдердің халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы ықпалдастығы туралы келісімді талқылау, халықаралық көлік дәліздері саласындағы ынтымақтастық меморандумы туралы, Достастық аясындағы көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша декларация туралы, ТМД елдерінің көлік кеңесін үйлестіру туралы тәртіптері туралы талқылау қарастырылған.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ТМД үкімет басшылары Кеңесінің 1997-жылғы 17-қаңтардағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастығын дамытудың болашақ жоспарлары және ядролық қондырғылардың қауіпсіздігін арттыру туралы, бағалы қағаздар рыногін реттеуші мемлекеттік орган басшыларының кеңесін құру туралы; Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, және олармен теңестірілген тұлғалардың, соғыс ардагерлері мен 3-топтағы мүгедектердің жолақы жеңілдігін өзара мойындау туралы 1993-жылғы 12-наурыздағы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Хаттама туралы ; экологиялық мониторинг саласындағы ынтымақтастық туралы 1999-жылғы 13-қаңтардағы келісімге өзгертулер енгізу туралы Хаттама туралы; ТМД органдарының 2003-жылғы біртұтас бюджетінің шығындарын қысқарту мақсатындағы қаржылық оңтайландыру шаралары жөніндегі ұсыныстар туралы; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бюджетінен қаржыландырылатын ТМД елдерінің 2003-жылғы біртұтас бюджетіне енгізілетін өзгертулер жобасы туралы талқыланады.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бюджетінен қаржыландырылатын ТМД елдерінің 2002-жылғы біртұтас бюджетінің орындалуы ; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бюджетінен қаржыландырылатын ТМД органдарының 2002-жылғы қаржылық-шаруашылық іс-қызметіне жүргізілген құжаттық ревизия кезінде әшкереленген қайшылықтарды жоюға бағытталған шаралар туралы ақпараттар; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бюджетінен қаржыландырылатын ТМД елдерінің 2004-жылғы біртұтас бюджетінің жобасы; ТМД аясында 2004-жылғы жүзеге асырылатын мемлекетаралық және үкіметаралық бағдарламалар жобасын жасау және оларды жүзеге асыру жұмыстарын қаржыландыру туралы мәселелер де отырыстың күн тәртібіне енгізілген.
Сондай-ақ, үкімет басшылары ТМД жарғысына енгізілетін түзетулер жобасы бойынша, Достастық елдерінің Ұлттық ақпараттық Агенттіктері арасында өзара материалдармен алмасу жөніндегі келісім туралы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпараттармен алмасу туралы, олардың залал-зардабын жою және зардап шеккен тұрғындарға жәрдем көрсету барысындағы ақпараттық ықпалдастық туралы , халық денсаулығын қорғау саласындағы ынтымақтастық тұғырнамасы туралы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге сырттан импортталатын қауіпті өнімдерге гигиеналық баға беру саласындағы ынтымақтастық тәртібі туралы келісім жөнінде шешім қабылдайды.
Бас қосуда сондай-ақ, ТМД қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесін қалыптастыру жөніндегі концепция туралы, әскери мақсаттағы авиациялық техниканы пайдалану барысындағы бірлескен әскери-ғылыми қолдау туралы, әскери ынтымақтастық саласындағы ақпараттық қамтамасыздық туралы келісім, әуеден қорғаныс күштерінің жүйесін құру және оны дамыту мақсатына 2002-жылы бөлінген қаржыны пайдалану және осы мақсатқа 2004-жылы бөлінетін қаржы көлемі туралы, сондай-ақ, ТМД елдерінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын жасау туралы мәселелер де сарапқа салынады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар