Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қатысушылар энергетика нарығын реттеудің бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, ұйым мүшесі болып отырған әрбір мемлекеттің осы саладағы жағдайы сарапталып сондай-ақ бұл мемлекеттердің реттеу органдарының жұмысында кездесетін қиыншылық тұстары қарастырылды.
«24 сәуірде қауымдастыққа қатысушы мемлекеттердің реттеу органдары төрағаларының отырысында ҚР ТМРА төрағасы Нұрлан Алдабергенов баяндама жасап, онда агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпарат беріп, нарықта реттеліп отырған секторлардағы басты үрдістер жөнінде баяндады «, — деп хабарлады ТМРА баспасөз қызметі.
«Бұл шара коммуналдық кәсіпорындар, қаржы және стратегиялық инвесторларға және энергетика саласы мамандарына 25 елді аймақтың 100 -ден аса энергетиканы реттеу органдарымен пікір алмасуына мүмкіндік береді», — деп атап өтті Н. Алдабергенов.
Аймақтық энергетиканы реттеу органдары қауымдастығы Еуропа мен Азияның 15 мемлекетінің энергетиканы реттеу органдары шешімімен 2000 жылдың желтоқсан айында құрылды.Аймақтық энергетиканы реттеу органдары қауымдастығының басты мақсаты ұйымға мүше мемлекеттердің энергетиканы реттеу процестерін жетілдіру, энергетиканы реттеу мәселесі бойынша құзыры жеткілікті органдардың тұрақты әрі еркін дамуына септігін тигізіп, олардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Бүгінгі күні ұйымның құрамына Орталық және Шығыс Еуропаның және ТМД 20 мемлекетінің реттеу органдары кіріп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті