Жарияланды: 400

Төбелескендерді ажыратпаған полицей жұмыстан қуылды

Төбелескендерді ажыратпаған полицей жұмыстан қуылды

Төбелескендерді ажыратпаған алматылық полицей жұмыстан қуылды. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Бұған дейін Instagramдағы eap_kz паблигінде екі ер адамның жол ортасында жұдырықтаса жөнелген видеосы жарияланған болатын. Оқиға Алтын Орда базарының маңында болған. Төбелескендердің бірі ортада жол қозғалысын реттеп тұрған полицейдің артына тығыла берген. Құқық қорғаушы олардың бірі жерге құлап түскенде ғана ауызша ескерту жасап, жолдан кетуін талап етті. Алайда, екеуі төбелесін жалғастыра берген соң полиция қызметкері одан әрі араласпады. Постты оқыған көпшілік полицейдің әрекетсіздігін қатты сынға алды. Аталған оқиғаға қатысты қалалық ІІД түсініктеме берді. «Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері қызметтік міндетін дұрыс атқармағаны үшін, әрекет етпегені үшін, құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін жұмыстан қуылды. Ал, төбелеске байланысты Наурызбай аудандық ІІБ ҚР ҚК 293-бабы бойынша «бұзақылық» дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді ІІД ресми өкілі С.Әзірбек. Оның айтуынша, төбелеске жол қозғалысының басқа қатысушылары да бейтараптық танытқан.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін